Ағымдағы жылдың 24-27 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында жүзуден Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландиннің қатысуымен Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтіп жатыр.

Ағымдағы жылдың 24-27 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында жүзуден Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландиннің қатысуымен Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтіп жатыр.
Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана мен Алматы қалаларынан және Ресей Федерациясынан 250-ге жуық спортшы қатысуда.
Шараның салтанатты ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және жүзуден 4 дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы, 6 дүркін Әлем чемпионы Александр Попов, Украинаның жүзуден құрама командасының бас жаттықтырушысы Андрей Сердинов қатысты.
Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде:
-«Соңғы үш күнде Ақтөбеде спорттық сүңгуір әуесқойлары және барлық қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушылар үшін ерекше күн болды. Себебі, Ашық ҚР чемпионаты қарсаңында Беларусь, Украина, Ресей Федерациясы мамандарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция барысында спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың біліктілігі артып, үлкен нәтижелерге қол жеткізеді деген ойдамын. Осындай мүмкіндік туғызып, қол үшін берген құрметті қонақтарымызға және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіремін. Ал, жарыс қатысушыларына жаңа жеңістер тілеймін»,- деп барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жүзуден 4 дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы, Халықаралық олимпиада комитетінің Құрметті мүшесі, Александр Попов өз сөз кезегінде, аймақтың басшылығына алғысын білдіріп, спортшыларға жақсы нәтиже көрсетуді тіледі.
- «Биылғы жылы сіздердің алдарыңызда Азия ойындары тұр. Бүгін сіздер үшін жаттығуға болатын дайындықтың соңғы кезеңі және осылайша екі жылдық олимпиадалық циклге дайындалу деп айта аламын. Сондықтан ең жақсы нәтижелеріңізді көрсетіңіздер, стандарттарға сай болыңыздар, биіктіктерге жетіңіздер», - деді ол.
-«Менде бала кезімнен бастап Олимпиада чемпионы болу мақсаты болған жоқ. Алайда, 2014 жылы жүзуден өткен рейтингі жоғары халықаралық турнирде ең жоғарғы нәтиже көрсеттім. Сол сәттен кейін ойыма неге олимпиада ойындарының чемпионы болмақса деген ой келді. Осы оймен ғана үлкен жеңіске жеттім деп ойлаймын. Алдағы мақсатым, Токио ойындарына қатысу»,- деп ойымен бөлісті Дмитрий Баландин ашылу салтанатынан кейінгі өткен баспасөз конференциясында.
Айта кетейік, ҚР чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командаларының басшылығымен биылғы жылы Индонезияда өтетін жазғы Азия ойындары мен Аргентинада өтетін жазғы Жастар Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау үшін ересек және жастар командалары анықталатын болады.