Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруіне Ақтөбеде 18 000 жуық адам қатысты

Барша Қазақстандық «Нұрлы болашақ» акция шеңберінде 1 маусымда балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің Шеруі өтті.
Ақтөбе қаласында балалар мен жастар музыкалық  оркестрлері және ансамбльдердің Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Шеруіне барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары - 2 200 дарынды жастар - жиналды.
Сонымен қатар бұл күні бір уақытта әр ауданның орталық көшелерінде шерулер жүріп өтті.
Шеру – бұл біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция. Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болды.
«Бұл Шеру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" идеясын іске асыру жағдайында және балалар мен жастар орындаушылық, шығармашылық факторы ретінде рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие береді. Облысымызда жалпы 18 000 бала қатысып, өздерінің музыкалық  мәдениетін арттыру ғана емес, білім ұйымына мақтанышын қалыптастыруға, мекемелерінің беделін көтеруге өз септігін тигізді», - деп Ақтөбе облысының білім басқарма басшысы Сәуле Өмірбекова өз ойымен бөлісті.
Шеруді дайындауға оқушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді қосылды.