Жобалар

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Ақтөбе облысы спорты басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы»
Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 тамызда № 15509 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың күшін жою туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, бас тартылған осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер жоқ.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 01-2/97 қорытындысы ұсынылды.
Сондай-ақ, нормативтік құқықтық акт электрондық үкімет порталында 2017 жылдың 15 қарашасында, 69 рет және 0 рет жарияланды.
Басқарма басшысы Е.Гончаров
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 214 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына сәйкес. «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарға құжаттар қабылдау» және «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 5 маусымда № 11276 тіркелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың күшін жою туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, бас тартылған осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер жоқ.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 23 шілдедегі №01-2/43 қорытындысы ұсынылды.
Сондай-ақ, нормативтік құқықтық акт электрондық үкімет порталында 10 маусым 2019 жылы жарияланды, 84 қарау және 0 түсініктеме.
Басқарма басшысы М.Махамбетов