Ақтөбе спортының тарихында алғаш рет дзюдошы Жанболат Бағтбергенов жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17-21 қазан күндері Нассауда (Багама) өткен дзюдодан Әлемдік додаданың жекелей сынында қазақстандықтар жалғыз медаль еншіледі. Бұл жүлденің иесі ақтөбелік Жанболат Бағтбергенов болды.
Әлем чемпионатына 79 елден 492 спортшы қатысты. Оған Қазақстан жастар құрама командасынан 18 татами шебері қатысқан болатын. Бұл қатарды ақтөбелік екі спортшы Жанболат Бағытбергенов және Арслан Есенгелді толықтырды. Жарыс жолында Жанболат Бағытбергенов қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жартылай финалда ресейлік дзюдошы Дэвид Гамасовты вазари ұпайымен жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ал, өкінішке орай, Арслан Есенгелді алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалды.
Бүгін спортшыларды облыстық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов және бір топ спорт жанашырлары Ақтөбе әуежайынан зор қошеметпен күтіп алды. Сондай-ақ, жанкүйерлері қала орталық көшелерін аралап, автошеру ұйымдастырды.
Айта кету керек, Қазақстан жастар құрамасы командалық есепте дзюдодан жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Командалық жарыста Қазақстан құрама сапында ақтөбелік спортшыларымыз Жанболат Бағтбергенов пен Арслан Есенгелді де өнер көрсетті.