Басқарма басшысының орынбасары

"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысының орынбасары - Сыдықов Нұрбол Тұрарұлы
Н.Т.Сыдықов 1990 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2011 жылы "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, 2014 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмәмдаған. Сондай-ақ, Қазақ спорт және туризм академиясының "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша магистратурасын оқыған.
Еңбек жолын 2011 жылы Астана қаласындағы "Дәулет" спорткомбинаты" МКҚК жаттықтырушы-оқытушы болып бастады.