Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

Сіздерді 15 қыркүйек күні сағат 17.00 - де алғаш рет Ақтөбе қаласының «Қоныс» спорт сарайында TUKESHOV BOXING PROMOTIONS-тың ұйымдастыруымен өтетін Азия деңгейіндегі кәсіби бокс кешіне шақырамыз.
Кештің құрметті қонақтары ретінде кәсіби бокстан WBА ABCO Continental тұжырымы бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам және елімізге танымал Жанқош Тұраров, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов, бокстан Олимпиада чемпиондары Бахтияр Артаев, Серік Сапиев және екі дүркін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қатысады.
Байрақты бәсекеден қапы қалмаңыздар.