Ақтөбелік спортшы Әділет Шалғынбекұлы Көшпенділер ойындарында белбеу күресінен қола жүлдеге ие болды

Қырғызстан елінің Шолпон-Ата қаласында өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ақтөбелік спортшы Әділет Шалғынбекұлы 62 келі салмақ дәрежесінде белбеу күресінен қола жүлдені иеленді.
Әділет бірінші белдесуінде өзбекстан елінің спортшысын айқын басымдылықпен жеңді. Алайда, жартылай финалда түркіменстан өкілінен 2:1есебімен жеңіліс тапты. Ал, қола жүлде үшін күресте қырғыз балуанынан айласын асырып, жеңіске жетті.
Айта кетейік, 2 қыркүйек күні Қырғызстан елінде ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бастау алды. Биылғы сайысқа 80 елден 3000-ға жуық спортшы атлеттер келген. Олар 37 этноспорт түрі бойынша сынға түсіп жатыр.