Ақтөбе облысынан 8 спортшы XVIII жазғы Азия ойындарына қатысады

Ақтөбе облысының 8 спортшысы Индонезия елінің Джакарта және Палембанг қаласында өтетін 2018 жылдың XVIII жазғы Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.
18 тамыз және 2 қыркүйек аралығында Джакарта қаласында XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Бағдарламада спортшылар 42 спорт түрі бойынша 476 медальға таласып, өзара бақ сынайтын болады. Оған Ақтөбе облысынан қатысуға олимпиадалық спорт түрлерінен 4 спортшы және олимпиадалық емес спорт түрлерінен 4 спортшы лицензия жеңіп алды. Сондай-ақ, волейболдан облыстың 1 жаттықтырушысы Қазақстан Республикасының бас бапкерінің көмекшісі ретінде шақырылды.
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия ойындарының қатысушылары:
- Мейрамбек Айнағұлов - 60 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен;
- Ақсәуле Ерқасымова - 67 келі салмақ дәрежесінде таэквондо ВТ-тен;
- Руслан Манаспаев - таеквондодан;
- Айбек Камзенов 50 метрлік брасс, 100 метрлік брасс бойынша жүзуден;
Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Азия ойындарына қатысушылар:
- Андрей Гаврилюк - 85 келі салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан (Не-ваза);
- Арыстан Оразов - ушу таолудан;
- Даяна Утямышева - ушу таолудан;
- Нартай Кажеков - 69 келі салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан;
Азия ойындары - Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі және төрт жылда бір рет өткізілетін ауқымды халықаралық жарыс.
Айта кетейік, 2014 жылы өткен Азия ойындарына Ақтөбе облысының төрт спортшысы қатысқан болатын (дзюдодан 1 адам, жүзуден 1 адам, каратэ-додан 2 адам). Жарыс нәтижесі бойынша спортшыларымыз Сағындықов Ринат каратэ-додан күміс жүлдегер және Андрей Ақтауов осы спорт түрінен Азия ойындарының чемпионы атағына ие болды.