Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімінің бұйрығымен Мейрамбек Махамбетов Жанболатұлы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Мейрамбек Жанболатұлы 1989 жылы 6 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті референті болып бастаған және сол жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік басқармасының сарапшысы қызметін атқарған.
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Астана қаласында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Дене шынықтыру департаменті Бұқаралық спортты дамыту басқармасының сарапшысы.
2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Дене шынықтыру департаменті Бұқаралық спортты дамыту басқармасының бас сарапшысы.
2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Әкімшілік және кадр жұмысы басқармасының басшысы.
2016 жылдың 1 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы қызметін атқарды.