Ақтөбе облысында жергілікті футболды дамыту жөнінде шаралар атқарылуда

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев облыстағы футболдың қазіргі даму жағдайы туралы айтты.
Оның айтуынша, өңірде 2018 жылы спортты дамытуға 5,5 млрд.теңге, оның ішінде футболды дамытуға 2 млрд.теңгеден астам бөлінген.
«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті футболды дамытуға және «Ақтөбе» ФК жұмысына ерекше көңіл бөліп отыр. Спорттың осы түрімен 22 мыңға жуық ақтөбеліктер, соның ішінде 17 мыңы футболмен, бес мыңдайы шағын футболмен айналысады. 2017 жылы аудандар орталықтары мен мен ірі елді-мекендерде «Ақтөбе» футбол клубы футбол орталықтарының 15 филиалы ашылды, оларда қазірде 450-ден астам бала айналысуда. Филиалдар арасында ай сайын облыстық біріншілік өткізіліп, соның барысында әлеуеті жоғары балалар анықталады. Бұл жоба «Ақтөбе» ФК үшін лайықты резерв дайындау мақсатында жүзеге асырылуда. Бұл бастамалардың өскіндері жақын жылдары-ақ өз жемісін береді және ауылдан шыққан үздік футболшылар «Ақтөбе» ФК жасөспірімдер командасын толықтыратын болады. Одан басқа, инфрақұрылымды дамыту үшін барлық шаралар атқарылуда. Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында өңірде ауданы 8000 шаршы метр «5 алаң» спорттық-жаттығу кешені ашылды. Жобаның құны 300 млн.теңге», - деді Ербол Нұрғалиев.
Спорт кешенінде күн сайын 800-ге дейін бала жаттыға алады. Сондай-ақ, осы жерде ОБЖСМ, футбол орталықтарының, клубтары мен секцияларының 1500 тәрбиеленушісінің оқу-жаттығу процесстері, оқу-жаттығу жиындары жыл бойына өткізілетін болады. Қыс уақытында жаттығулар «Олимпиада резервінің» залында жүргізіледі. Мұның барлығы «Ақтөбе» ФК спорттық резервін сапалы дайындауға оң ықпал етеді.
Одан басқа, өңірде әйелдер футболы кеңінен танымал болуда. №2 ОБЖСМ 15-19 жастағы 300 футболшы қыздар айналысуда. Одан басқа, U-19 әйелдер командасы Қазақстан чемпиондары болып табылады. Осы құрамнан 4 ақтөбелік тәрбиеленуші ҚР құрамасының құрамына, 2 спортшы қыз еліміздің ұлттық командасына кірді.
Сондай-ақ, Ербол Нұрғалиев «Ақтөбе» ФК ағымдағы ахуал туралы да айтты.
«Футбол клубында басқару пирамидасы құрылды, ол ендігі өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл – облыс басшылығының жергілікті футболды дамыту мен қолдау жөніндегі негізгі стратегиясы. Футбол клубын қаржыландырудан биыл ешқандай проблема жоқ, алайда 2014 жылдан бері қарыздар бар. Қазіргі таңда, бұл қарыздар бойынша сот ісі жүргізілуде. Сондай-ақ, аталған мәселелердің барлығы облыс әкімінің басты бақылауында», - деп атап өтті.