Жаңа спорт кешендері жөнінде ақпарат

Хоккей-жаттығу спорт кешені
2017 жылдың 1 маусым күні Ақтөбе қаласының 11-ші шағын мөлтек ауданында орналасқан хоккей-жаттығу спорт кешені ашылды. Мұнда шайбалы хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлері дамытылуда және аталған спорт түрлерінен Мәскеу, Қазан, Рудный, Өскемен қаларынан білікті жаттықтырушылар шақыртылып, жұмыс жасауда.
Әлеуметтік серіктестік аясында «КТП» ЖШС бас директоры Всеволод Анатольевич Щегельскийдің қолдауымен, 200 орындық, Хоккей-жаттығу спорт кешенінің құрылысы мерзімінде аяқталды. Осы кезеңге дейін яғни, 26 жыл бойы облыс орталығында жабық ғимараттағы мұз айдыны болмаған. «Қоныс» спорт кешенінен кейін алғаш рет Хоккей-жаттығу спорт кешені салынып, қолданысқа берілді. Жоба құны 480,0 млн.теңге құрайтын бұл ғимараттың 50 пайызы жергілікті бюджеттен бөлінсе, қалған 50 пайызын «КТП» ЖШС қаржыландырды.
Хоккей-жаттығу спорт кешенінің мұз айдынын орнату және оны құю жөніндегі жұмыстарын арнайы Мәскеу қаласынан шақыртылған фирма жүзеге асырды. Олар бұған дейін Сочиде өткен Олимпиада ойындарының және Алматы қаласында өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының мұз айдынындарын құю ісін жүзеге асырған болатын.
«Жекпе-жек» спорт сарайы
Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданында орналасқан 720 орындық «Жекпе-жек» спорт сарайы қолданысқа берілді. Жоба құны 1,5 млрд.теңгені құрады. Аталған нысан «Нектар» ӨК қаржы есебінен салынды. Ғимараттың жалпы алаңы 5878,6 м2. Кешенде бокс және күрестің барлық түрлерінен өткізу үшін жағдай жасалған.
«Жекпе-жек» сарайында заманауи жиналмалы бокс рингі, күрес үшін кілемдер, татами, жаттығулар үшін спорттық құрал-жабдықтар орнатылған.
Бірінші қабатында көрермендерге орындықтар орнатылған және 40 орындық асхана, 4 киім ілетін бөлмелер орналасқан. Кешеннің екінші қабатында тренажер залы, күрес залы, бокс, дзюдо және ВТФ таэквондоға арналған жаттығу залдары бар.
Облыс әкімінің қолдауымен Ақтөбе өңірінде алғаш рет осы оқу жылынан бастап Есет батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты колледж есебінде ашылды. «Есет батыр атындағы спортта дарында балаларға арналған облыстық мектеп интерат» КММ үшін спорт зал және стадион құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілді.