Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысушылар жөнінде ақпарат

ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУШЫЛАР
Қазіргі күні облысымызда дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санының орнықты өсу үрдісі байқалады. 2017 жылдың соңында дене шынықтырумен айналысушы облыс тұрғындарының көрсеткіші 31,0 пайызға жетті.
2016 жылы
226334 адам
27 %
2017 жылы
264925 адам
31 %
Қазіргі күні облыстағы 1662спорттық нысандарда тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына мүмкіндіктер қарастырылған, оның ішінде дене шынықтыру және спорт бағытында – 1079, білім беру мекемелерінде 460, спорт мектептерінде – 123, оның 899– ауылдық жерде, жеке – 146
Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, жоғарғы спорт шеберлігін жетілдіру бағытында облысымызда 29балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасауда (11 – облыстық, 13 – аудандық спорт мектептері, 4 - қалалық және 1 - АЗФ кәсіподағының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі), оның ішінде 6 спорт мектебі «мамандандырылған» мәртебесіне ие.
Осы мекемелерде 2017-2018 оқу жылында 18610 оқушы жүйелі түрде спортпен шұғылданатын 84 спорт бөлімшелері жұмыс жасайды.
Ақтөбе облысы бойынша барлығы 98 спорт түрі (31 олимпиадалық, 67 олимпиадалық емес) , оның ішіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 44 спорт түрі (25 олимпиадалық, 19 олимпиадалық емес) дамытылады.
Жыл басынан бері спорт түрлері бойынша 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2 спортшы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 4 спортшы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 24 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері нор­мативін орындаса, 293 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебер­лігіне үміткер нормативін, 101спортшы І-разряд нормативін орындады.
Облыста дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы жұмыс жасайды. Онда 809 мүгедек спортшы 19 спорт түрімен айналысады. 43 спортшы ҚР құрама командаларына енген. Клубта мүмкіндігі шектеулі 7 адам оқытушы-жаттықтырушы болып жұмыс істейді.
Есепті кезеңде облыста 7 – халықаралық турнир, 20 - ҚР чемпионаты және 114 - облыстық деңгейдегі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.