2017 жылы өткізілген ірі спорттық шаралар

2017 ЖЫЛЫ ӨТКІЗІЛГЕН ІРІ СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР:
ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША:
2017 жылы дене шынықтыру және спорт басқармасы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт федерацияларымен бірлесіп бокстан жасөспірімдер арасында аймақтық біріншілік (Шалқар қаласы), жүзуден ҚР чемпионатын, бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир, жүзуден ҚР Жастар ойындары бағдарламасындағы республикалық жарыстары, грек-рим күресінен 2003-2005ж.т. жасөспірімдер арасында спорт ардагері Қажиғали Абитовты еске алуға арналған республикалық турнирі, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағулованы еске алуға арналған дзюдодан ерлер арасындағы халықаралық турнирі, футболдан 2004ж.т. жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысының Әкімінің Кубогына арналған II халықаралықтурнир, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай және облыстық ауғанстан соғысы ардагерлерінің «Ер – Бақыт» спорттық – патриоттық клубының жүлдесіне арналған грек-рим күресінен 2003-2005ж.т. кіші жасөспірімдер арасында XII республикалық турнирі және жүзуден, үстел теннисінен және теннистен ҚР 4-ші Жастар спорттық ойындарыны және 4-ші Жастар ойындарының ресми жабылуы өткізілді.
28 қыркүйек күні «Туған жер» бағдарламасы аясында дзюдодан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі өтті. Турнирге ТМД елдері және алыс шетелдердегі 9 мемлекеттен 60-ға жуық командалар қатысты. Халықаралық турнир Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Ермахан Ибраимов сынды аты аңызға айналған спортшылардың қатысуымен өтті.
14-15 қазан аралығындаАқтөбе қаласындаWTF таэквондодан кадеттер және жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысының құрметті азаматы, батыр-ұшқыш космонавт Ю.Лончаковтың жүлдесіне арналған республикалық ашық турнирі өтті. Облысымызда бірінші рет ұйымдастырылған шараға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және еліміздің барлық облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысты.
20-21 қазан аралығындагрек-рим күресінен ХДСШ, КСРО халықтарының Х жазғы Спартакиадасының чемпионы, Әлем және КСРО Кубоктарының иегері Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған 1998-2000 ж.т. жастар арасындағы дәстүрлі республикалық турнир өтті. Айтулы додаға еліміздің 12 облысынан 100-ден астам спортшы қатысты.
9-14 қараша күндері аралығында Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 500-ден астам дзюдошылар өзара бақ сынасты.
22-26 қараша аралығындаАқтөбе қаласындабокстан ҚР халықаралық дәрежедегі спор шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған ХІХ халықаралық турнир өтті. Жыл сайын өткізілетін турнирге биыл 14 команда, яғни Ресей және Өзбекстен елдерінен және республикамыздың барлық қалаларынан 80-нен астам боксшылар қатысты.
ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕМЕС СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША:
Облыс аумағында жылына 1000-нан астам дене шынықтыру-сауықтыру, бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізіледі. Самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты, киокушинкай каратэдодан жасөспірімдер арасындағы ҚР Кубогы, белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты, жекпе-жек сайысынан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты, ИТФ таэквандодан ҚР Кубогы, спорттық биден ҚР Кубогы, мотокросстан ҚР чемпионаты, жекпе-жектен ҚР Кубогі, кикбоксингтен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты, дойбыдан балалар және жасөсірімдер арасында ҚР чемпионаты, велосипед туризмінен ҚР чемпионаты өтті.
16-18 тамыз аралығында Облыстық «Ақбидай» ауыл спорты ойындары Алға қаласында өткізілді (1542 спортшы қатысып 1000-ғажуық адам жиналды).
11-16 қыркүйек аралығында «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының Республикалық ақтық сайыстары өткізілді.
Қараша айының 4-5 күндері Ақтөбеде бразилиялық джиу-джитсудан және сабмишн файтингтан «Aqtobe Open - 2017» ашық халықаралық Arlan Grip Selection турнирі өтті. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық жеткіншектер және ересектер қатысты.
16-18 желтоқсан күндері16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған ГТФ таэквондодан ашық қала чемпионаты өтті. Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық қалаларынан 450 спортшы қатысты.