Басқарманың 2016 жылғы жұмыстары жөнінде есептеме

Ақтөбе облысының дене
шынықтыру және спорт
басқармасының басшысы
Ақтөбе облысындағы дене шынықтыру мен спорттың жағдайы
және одан әрі дамыту шаралары туралы
Қайырлы күн құрметті депутаттар!
Елбасымыз халықтың денсаулығы дене шынықтыру, спортпен қаншалықты шұғылданатындығына тікелей байланысты екендігін айтқан болатын. Сондықтан, біз спортшыларымыздың жетістіктерін Президенттің рухани бай және дені сау болашақ ұрпақ өсіружөніндегі тапсырмасын орындау деп білеміз.
Елбасы спорт саласында мемлекеттік саясаттың, басым бағыты етіп нақты міндеттер қойды: дене шынықтыру арқылы ұлт саулығын нығайту, бұқаралық және балалармен жасөспірімдер спортын дамыту және спорттағы үлкен жеңістеріміз арқылы Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджін жақсарту. Халықтың 30 пайызын спортпен және тұрақты дене шынықтырумен айналысуын қамтамасыз ету үшін, бірінші кезекте бұқаралық спортты дамытуға және балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауды жүктеген болатын. (1слайд)
Ақтөбе облысында дене шынықтыру және спорт саласы мемлекеттік саясаттың бағыттарына сәйкес дамып келеді.
Қазіргі күні облыстадене шынықтыру және спортпен шұғылдану-шылардың көрсеткіші, тұрақты түрде өсуде.2015 жылдың көрсеткіші бойыншаоблыс тұрғындарының26,9% спортпен тұрақты түрде шұғылданады, немесе 225 мың адам(2013 жылы –201 мың,немесе 24,9% 2014 жылы – 213 мың, немесе 25,9%) оның ішінде 58 мыңадам ауылдық жерде.(2 слайд)
Облыс аумағында жылына екі мыңнан астам дене шынықтыру-сауықтыру, бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізіледі. 2015 жылы 5 халықаралық турнир,40республика чемпионаттары мен біріншіліктері, 150-ден астам облыстық деңгейдегі чемпионат-турнирлер өтті.(3,4,5слайд)
Бұқаралық-спорттық көрсеткішінің бірі, ол Президенттік тесттер болып табылады. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың сәуір айының 20-сы мен мамыр айының 20-сы аралығында 120 мыңнан аса адам, оның ішінде ауылдық жерден 43 мыңадам қатысқан облыстық президенттік тесттер өткізілді.(6 слайд)
Облыстағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің саны 28 бірлікті құрайды, мектептерде шұғылданатын балалардың саны 16 мыңнан астам, оның 6мыңы ауылдық жерде.(7,8,9 слайд)
Үш мамандандырылған кәсіби спорт клубтарында 415 адам шұғылданады: «Намыс» кәсіпқой спорт клубы, «Казхром» спорт клубы және «Ақтөбе» футбол клубы.
Сонымен қатар, 809 спортшы тұрақты түрде шұғылданатын Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы қызмет көрсетеді.(10слайд)
Сала қызметінің маңызды бағыттарының бірі ол, облыстық білім басқармасымен бірігіп спорттық секциялар, аула клубтарын ұйымдастыру болып табылады.
Облыста балалармен жасөспірімдерге арналған 11 аула клубы, физикалық дайындығы бойынша 1 балалар-жасөспірімдер клубы, қызығушылығы бойынша 37 денешынықтыру-сауықтыру клубтары жұмыс жасайды.(11,12 слайд)
Облысымызда 72 спорт түрі қамтылған, оның ішінде 23 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес, 11 спорт түрі дене мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында, 9 ұлттық, 11 техникалық спорт түрлері.
Облыстағы олимпиадалық спорт түрлерінің басым бағыты: волейбол, гандбол, жүзу, үстел теннисі, ауыр атлетика, футбол, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, бокс, таэквандо, дзюдо, теннис болып табылады. (13,14,15,16 слайд)
Маңызды көрсеткіштердің бірі, спортшылардың жетістіктері, халықаралық дәрежеде мойындалуы. 200-ден астамақтөбелік спортшы, Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері. (17 слайд)
Жылдың басты спорттық шарасы,Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға Нұрислам Санаа (еркін күрес), Харки Фархад (ауыр атлетика), АлександрТарабрин (жүзуден) қатысуы күтілуде.(18,19 слайд)
2015 жылы 3 халықаралық спорт шебері, 11 ҚР спорт шебері, 142 спорт шеберлігіне үміткер дайындалды.(20 слайд)
Ақтөбе облыс көлеміндегі ұлттық спорт түрлерін дамытумен насихаттау жұмыстары бүгінгі таңда жақсы жолға қойылған. Әсіресе, дәстүрлі, ат спорт түрлері жақсы дамыған.(21,22 слайд)
Кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда және ауыл шаруашылық құрылымдарында шұғылданатындар саны 73 мың (2013 жылы –69 мың, 2014 жылы – 73 мың) адамды құрайтын 1261 дене шынықтыру ұжымдары(2013 жылы - 1174, 2014 жылы –1185, +76) жұмыс істеуде. Өткен, 2014 жылмен салыстырғанда шұғылданатындар саны 4636адамға өсті.(23 слайд)
Ауылдық жерлерде спортты, салауатты өмір салтың насихаттау мақсатында және аудандық әкімдіктің қолдауымен үстіміздегі жылда Өйыл ауданында ардагерлер арасында 11 спорт түрінен облыстық спартакиада өткізілді, бұл шараға 700 астам адам қатысты.(24 слайд)
Материалдық-техникалық база:
Қазіргі күні облыстағы 1611әр түрлі спорттық нысандарда тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына мүмкіндіктер қарастырылған, оның ішінде дене шынықтыру және спорт бағытында – 197, білім беру мекемелерінде 1329, спорт мектептерінде – 84, оның 994 – ауылдық жерде, жеке –58.Жалпы облыстағы спорт нысандарының 82,5 % білім беру мекемелерінде орналасқан.
Білім беру басқармасының мәліметі бойынша жалпы білім беретін мектептердің спорттық құрал-жабдықтармен қамтылуы 73 пайыз құрайды, сондай-ақ 423 жалпы білім беретін мектептің 177-де, яғни 25,8 пайызында спорт залдары жоқ. Мектептердегі 314 спорт залының 223 ауылдық, 91 қалалық мектептерде орналасқан, 9 мектепте 2 спорт залынан бар.
Көптеген спорт залдары техникалық пайдалану жөніндегі нормативтер мен талаптарға, оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету ережелеріне сай есмес.
Жалпы білім беретін мектептердің 5 пайызында ғана оқушылардың жаттығудан сон жуыну мүмкіндігі бар.(25,26,27 слайд)
Тұрғындарды дене шынықтырумен қамту көп жағдайда спорттың қолданыстағы инфрақұрылымына тікелей байланысты.
Дегенмен, 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы спорт нысандарының саны19-ға көбейді.
2015 жылы бюджеттен жалпы құны 854,8 млн теңгеге 3 спорттық нысанының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді:
Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы 160 көрермен орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы (274,9 млн теңге);
Ақтөбе облысы Алға қаласындағы 160 көрермен орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы (272,1 млн теңге);
Ақтөбе қаласы Қарғалы селосындағы балалар-жасөспірімдер мектебінің құрылысы (307,8 млн теңге).
Облыста спорт залдарымен 5 жаңа орта мектебі салынды (Алға, Байғанин және Мұғалжар аудандары, Ақтөбе қаласының – Новый және Россовхоз селоларында), 8 спорттық алаң( Новый с.,-6; Ойыл ауданы -2).(28,29,30 слайд)
Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында, ат спорт түрлері мектебінің спортзалы, манежі және әкімшілік ғимараты іске қосылды.
Ақтөбе қаласының «Батыс-2» ауданында халықаралық стандарттарға сайбассейн, салынды және бес жүз орынға арналған спорт залы және әкімшілік ғимараты бар «Авиатор» стадионы қайта жаңартылды.
Ақтөбе қаласында шахмат сквері қайта жаңартылды, 39 спорт алаңдары салынды, оның ішінде Қандыағаш қаласында -3, Ембі қаласында – 2, Хромтау қаласында – 5, Алға қ.-5, Шалқар қ.-5, Ақтөбе қ.-19 шағын футбол алаңдары, Байғанин, Ойыл, Қобдааудандарының орталықтарында жүгіру жолдарымен жаңа стадиондар салынды. (31 слайд)
Жоспарлар:
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен 2016-2018 жылдарға спорт нысандарының құрылысы, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізужоспарлануда, оның ішінде:
Бұрын Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты Ақтөбе облысында жоқ болатын, облыс әкімінің қаулысымен 2016 жылы Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық спортағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатықұрылып, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының құзырына берілді.(32 слайд)
Бүгінгі күні, Ақтөбе облысының сәулет және құрылыс басқармасы осы Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық спортағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында1200 орындық Спорттық кешенжәне жеңіл атлетикаға арналған жүгіру жолдарымен трибунасы бар стадион құрылыстарынажобалық-сметалық құжаттамасындайындап жатыр. (33 слайд)
Осы, жоғарыда аталған шаралардың іске асырылуы нәтижесінде, оның ішінде жатақханаға жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда, Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық спортағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында, көптеген облыстық, республикалық спорттық шаралар өткізугемүмкіндік береді, яғни басқа облыстан келген спортшыларға жатақханада (қонақжай ретінде пайдалануға) орналасуға болады. Бүгінгі күні, батыс өңірі бойынша осындай спорт кешені әзірге жоқ.
Сонымен қатар, Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық спортағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша (Типтік ретінде) аудандарда спорт кешендерін салу жоспарлануда. Алдағы уақытта, қаражаттың бөлінуіне байланысты,облыстың барлық аудандардаспорт кешендерін салу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Ұлттық спорт түрлері бойынша, бүгінгі күні облыста Ат спортының түрлері бойынша №10 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар болғаны мен, ипподром жоқ еді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде, яғни комиссия шешімі бар, жер учаскесі бөлінді және қала әкімінің қаулысы шыққаннан кейін жобалық-сметалық құжаттамасы(сметаның құны жобамен 140-150 млн.теңге)дайындалады.(34 слайд)
Облыс әкімініңат спорт түрлерін дамыту және балаларды иппотерапия әдісімен емдеуді ұйымдастыру мәселесін қарастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, Өскемен қаласындаөткізілген оқыту семинарында екі адам оқып, сертификаттар алды. Бұл сертификат Ақтөбе қаласында иппотерапия әдісімен емдейтін орталық ашуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта, иппотерапия әдісімен ем қабылдау үшін 600-ден астам бала жазылып қойды, 8 баламен емдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. (35 слайд)
Алдағы уақытта қосымша тағы екі адамды РФ, Мәскеу қаласында оқыту жоспарлануда және ат мәселесі бойынша, қазіргі кезде облыстағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде хаттар жолданды. Иппотерапия орталықтарын Мәртөк және Алға аудандарында ашу жоспарлануда.
Облыста мүгедектер спортына ерекше көңіл бөлінуде. «Нұр-Сити» ауданынан (Ақтөбе қаласы)мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорт кешенін салу үшін жер учаскесі бөлініп, жерге қатысты құжаттар рәсімделді.
Қысқы спорт түрлерін дамыту жөніндегі, эскиздік жобалар дайындалып (әкімшілік ғимарат,түңгі мезгілде жарықтандырылған лыжероллерлер трассасымен, жобамен 150-200 млн.теңге құрайды), қала әкімдігіне жер телімін бөлу жөнінде ұсыныс жолданды. Қысқы мезгілде шаңғы тебуге қолданылса, жазда лыжыроллерлермен сырғанауға болады. (36 слайд)
Футбол федерацияцының тарапынан ФИФА-мен ақша қаражатын бөлу жөнінде жұмыстар жүргізілуде, келесі жылға Ақтөбе қаласында футбол манежін салу жоспарлануда. Барлық қажетті құжаттар ҚР футбол федерациясына тапсырылды және жер мәселесі бойынша, қала әкімдігі бір-неше варианттар қарастыруда.
Жеке-мемлекеттік әріптестік бағдарламасы бойынша:
Жеке-мемлекеттік әріптестік бағдарламасы аясында Чехия елінің инвесторларымен,Ақтөбе қаласында құны 3,2 млрд.тенге құрайтын, 2700 орындық көпфункционалдық Мұз сарайының (Ледовый Дворец) құрылысы жоспарлануда. (37 слайд)
Сонымен қатар, осы аталған бағдарлама аясында 11 мөлтек ауданында(32 мектеп гимназиясының жаны, ЖШС «КТП»)400 орындық трибунасымен Хоккей модулінің құрлысы басталды. (38 слайд)
Бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Батыс-2 ауданында 1,7 га жер участкесі бөлінді,2000 орындықтрибунасымен, құны 1,1 млрд.тенге құрайтынЖекпе-жек күрес сарайыныңқұрылысы басталды және келісім-шарт бойынша құрылыс 16 айдан кейін қолданысқа беріледі(ПК «Нектар»). (38 слайд)
Қазіргі таңда, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің750 орындық стадионы мен ғимаратын қайта жаңғырту,Мәртөк, Әйтеке биаудандарында 160 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстарына қажетті барлық құжаттары әзір. Аталған денешынықтыру-сауықытыру кешендерінің құрылысына республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа Министрлікке бюджеттік өтінім тапсырылды.
Сондай-ақ, облыс аудандарында спорттық алаңдар салу және жабдықтау мақсатында, аудан және қала әкімдігіне ұсыныс ретінде спорттық алан құрылыстарының бір-неше эскиздік жобалары жолданды және парктер мен скверлерде қазіргі кезде жастар арасында қызығушылық тудыратын заманауи спорт түрлерінің бірі – воркаутжаттығу спорт қондырғыларын орнату мүмкіндігін қарастырып, мәселенің шешілуіне ықпал етулері сұралды. (39 слайд)
Бүгінгі күні осындай воркаут жаттығу қондырғылары 12 мөлтек ауданындағы демалыс алаңында орнатылған.
2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе агломерациясын дамыту бағдарламасына аталған нысандардан басқа 61 құрылыс нысанының жобасы ұсынылды. Алдағы уақытта халық санының өсуін ескере отырып, тұрғындарды тұрғылықты жерлері бойынша қамтамсыз ету мақсатында,12денешынықтыру-сауықтыру және 39жасанды төсенішті көпсалалы спорт алаңдарының құрылыс жобасын іс-шаралар жоспарына енгізген болатынбыз. (40 слайд)
Барлық спорт нысандарының жобасы қоғамның қажеттілігінен туындап отырған мәселе. Аталған спорт нысандарының құрылысы жүзеге асырылып, қолданысқа берілген жағдайда, спорт саласының дамуына ғана емес, жалпы халықтың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.
Ал, қазіргі таңда,«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойыншаОйыл спорт мектебін күрделі жөндеуге 32 млн.теңге бөлінді.
Күрделі жөндеу жұмыстарына тоқталатын болсақ,Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосындағы «Жастық» стадионын, №2 спорт мектебінің футбол және баскетбол алаңдарының жасанды төсемелерін ауыстырып,күрделі жөндеу жұмыстарына«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3-траншы бойынша қаражат бөлінді.
Басқармаға қарасты дене шынықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыратын және жүзеге асыратын1537штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс жасауда, олардың орташа еңбек ақылары 45,4 мың теңге құрайды.
2015 жылы салынып, қолданысқа берілген Алға және Шалқар қалаларындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылындағы БЖСМ нысандарына 2018 жылға дейін мораторий жариялануына байланысты штат бірліктері берілген жоқ.
Қаржыландыру бойынша:
2016 жылы спорт саласын қаржыландыруға – 5132,0млнтеңге (ФК «Ақтөбе» -2 000, млн.теңге) бөлінді, оның ішінде:4810,6 млн теңге жергілікті бюджеттен және 1892,2 млн теңге аудандық спорт мектептерімен қоса алғанда балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне.
Салыстырмалы түрде, 2014 жыл - 6628,6 млн теңге (ФК «Ақтөбе» -3 130,0 млн.теңге), 2015 жыл – 6698,3 млн теңге (ФК «Ақтөбе» -3 841,9 млн.теңге).(слайд 41,42,43)
2016 жылы спорт саласын қаржыландыруға – 5132,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:
- 13 штаттық бірлігі бар аппаратты ұстауға 40,7 млн теңге;
- Облыстық дәрежедегі спорттық жарыстарды өткізуге 46,8 млн теңге;
- Облыстық құрама команда мүшелерін дайындауға және қатыстыруға 2 984,2 млн теңге(ФК «Ақтөбе» -2 000, млн.теңге);
- Балалар және жасөспірімдерге қосымша білім беруге 1 485,8 млн теңге;
- Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бойынша 2016 жылы 32,1 млн теңге(Ойыл БЖСМ-де күрделі жөндеу жүргізу үшін),2015 жылы жалпы құны 50,2 млн теңгеге (РБ 46,5 млн теңге, МБ 3,6 млн теңге) күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде: Әйтеке би балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты (8,6млн теңге); Теннис бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 4 ашық топырақ жамылғылы кортының күрделі жөндеуі (41,6 млн мың теңге);
- Басқармаға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 34,0 млн теңге бөлінді;
- Жеке-мемлекеттік әріптестік бағдарламасы аясында жоспарланып отырған жобалар бойынша кеңес алу – 10,1 млн теңге.
Назарларыңызға рахмет!