1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе қаласының Орталық стадионы алдындағы алаңда «Доп және ракетка балалық шақтың серігі» атты үстел теннисінен экпресс-турнир өтті.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе қаласының Орталық стадионы алдындағы алаңда «Доп және ракетка балалық шақтың серігі» атты үстел теннисінен экпресс-турнир өтті.
Аталған шара «Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық үстел теннисі федерациясымен ұйымдастырылуымен өткізілді. Шараға 6-15 жас аралығында 150-ден астам балалар қатысты.
«Бүгін мені мерекеге орай әкем осы ойынға алып келді. Бұрын үстел теннисін ойнап көрмеген едім. Қазір бағымды сынап көремін, егер де ұнап жатса, алдағы уақытта кәсіби түрде қатысуға баратын боламын»,- дейді 7 жасар қатысушы Мирас Амантай.
Орталық алаңға жиналған кішкентай бүлдіршендер жаңбырлы күнге қарамастан тартысты ойын көрсетті. Сонымен қатар, ойыннан бөлек мерекелік бағдарлама бойынша ән айтылып, би биленді.
Жарыс бірнеше жас топтарында жекелей өткізіліп, қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Оларға арнайы сыйлықтар, дипломдар, медальдар табысталды. Сондай-ақ, бес номинация бойынша ең үздік қатысушылар арнайы жүлделермен марапатталды.