«CNPC-Aktobe Marathon-2018» шарасына 5 мыңнан астам адам қатысты

«CNPC-Aktobe Marathon-2018» шарасына 5 мыңнан астам адам қатысты
27 мамыр, жексенбі күні Ақтөбе қаласында қаланың 149 жылдық мерейтойына арналған жеңіл атлетикадан жыл сайынғы «CNPC-Aktobe Marathon» жартылай марафоны өтті. Бұл шараның мақсаты - бұқаралық спортты дамыту және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Дәстүрлі спорттық жарыстар тек қана Ақтөбе тұрғындарының арасында ғана танымал емес екенін айта кету керек. Биылғы жылы қатысуға өтінімдер Алматы, Астана, Атырау, Орал, Ақтау, сондай-ақ облыстың аудандарынан да болды.Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев спорттық жарыстың қатысушыларын құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды.- Мемлекет басшысы әрбір қазақстандықтың спортпен шұғылдануы, салауатты өмір салтын ұстануы керек деген міндет қойған болатын, себебі кез келген елдің болашағы өз азаматтарының денсаулығына байланысты. Біз, өз кезегімізде, Президенттің тапсырмасын орындау үшін барлық қажетті жағдайларды жасаймыз. Әрқайсымыз үшін денсаулығымыз мықты болуы маңызды, біздің денсаулығымыз ең алдымен өзімізге байланысты. Салауатты өмір сүру және ұзақ уақыт бойы өмір сүру үшін әрқашан қозғалыста болуға, спортпен шұғылдануға тиіспіз, - деді облыс басшысы.3, 10 және 21 шақырымдық жүгіруге 5 мыңнан астам адам қатысты. 10 және 21 км аралығындағы барлық қатысушылар медальдармен марапатталды. Жеңімпаздар 50-ден 250 мың теңгеге дейінгі сомаға сертификаттармен марапатталды. 10 шақырымдық жарыстың ең жас қатысушысы 13 жасар Айсулу Утесин болса, ең үлкені 78 жастағы Төлеу Орынбаев болды. Олар да естелік сыйлықтармен марапатталды.