Республиканың БЖСМ-нің басшылары мен орынбасарларына арналған республикалық семинар-кеңес

21-22 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы мен Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Заманауи кезеңде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында республиканың БЖСМ-нің басшылары мен орынбасарларына арналған республикалық семинар-кеңес өткізіліп жатыр. Оған республиканың 12 облысынан 160-ға жуық мамандар қатысуда.
Семинардың бірінші күнінде білікті мамандар қатысушыларға дәріс оқып, теориялық түрінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ал екінші күнінде Ақтөбе облысының спорт нысандарына экскурсия жасап, практикалық түрде жалғасын табатын болады.