Ақтөбелік спортшылар Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасын қолдады

Ақтөбе қаласының ашық спорт алаңында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Life style» фитнес орталығының ұйымдастыруымен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен «Street Workout KZ» акциясына қолдау көрсетіп, «Воркаутпен мықты бол» атты турнирлік спорт бойынша іс-шара өткізді.
Оған грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Мейрамбек Айнағұлов, каратэ-додан ҚР ХДСШ Андрей Ақтауов, жүзуден ҚР ХДСШ Айбек Камзенов және облыстың басқа да спорт жұлдыздары және Қазақстанда ең мықты күшке ие бала (8 жаста), турникке тартылудан және кеудені жерден көтеруден Қазақстан рекордын орнатып, Гиннес рекордтар кітабына енген Мұса Туркумбаев қатысты.
Шара барысында облыс спортшылары Мәдениет және спорт министрі бастамасымен ұйымдастырылған «Street Workout KZ» акциясын Павлодар облысының спортшыларына жолдады.
Айта кетейік, жобаның негізгі сыйлығы - конкурстың жеңімпазы атанған аймақ Street Workout-пен айналысу үшін жаңа алаңға ие болады. Ол үшін байқаудың шарттарын орындау қажет. Шарттары да өте қарапайым, қазақстандықтар жаттығу барысындағы видеоларын желіде бөлісе алады. Сонымен қатар, ең үздік қатысушы таңдап алынып, оған 500 мың теңге көлемінде сыйақы табысталады.