Қазақ күресінен «Ақтөбе облысының барысы» анықталды.

2018 жылдың 11 мамыр күні Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Оған Ақтөбе қаласынан және облыстың барлық аудандарынан 90-нан жоғары салмақтағы 27 палуандар бақ сынасты.
Аталған турнирдің қорытындысы бойынша І орынды Адлет Мисин иеленіп, «Ақтөбе облысының барысы»» атанды. Оған 300 000 теңге көлемінде сыйақы табылталды. Ал, ІІ орынды Еламан Қойшыбаев (200 000тг) және ІІІ орынды Дархан Темірханов (100 000тг) жеңіп алды.
Айта кетейік, І және ІІ орын иегерлері шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.