Облыс әкімі Аламан бәйгенің жеңімпаз шабандозына жеңіл автокөліктің кілтін тарту етті.

8-9 күндері Жеңіс күні қарсаңында Ипподромда Астана қаласының 20 жылдығына орай Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» облыстық фестивалі өтті.
Облыстық фестиваль жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, көкпар және бәйге түрлері бойынша өткізілді. Аталған облыстық фестиваль аясында 9 мамыр күні, ат спортының бәйге түрлерінен облыс әкімінің Кубогына арналған жарыс өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, марапаттау рәсімін өткізді. Сонымен қатар, жарыс соңында облыс әкімі Аламан бәйгенің жеңімпаз шабандозына жеңіл автокөліктің кілтін ( lada granta) тарту етті. Автокөлікті қанжылаған Мұғалжар ауданының Құрманжан Арнұр атты шабандозы болды. Ал, топ және құнан бәйге бойынша ең мықты сәйгүліктер анықталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Аталған жарысқа Атырау, Орал, Ақтау, Қызылорда, Қостанай, Астана және Ресей Федерациясының Орынбор, Орск қалаларынан және облыстың барлық аудандарынан 50-ге жуық сәйгүлік қатысты.
Айта кетейік, аталмыш облыстық фестиваль барлығы 400-ге жуық спортшыны қамтыды. Бұл шілде айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық Батыс аймақтық фестиваліне іріктеу болып табылады.