Футболдан жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысы әкімінің Кубогіне арналған халықаралық турнир өтіп жатыр.

2 мамыр күні Ақтөбе облысының футболдан ОБЖОРМ-де футболдан 2005 ж.т. жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысы әкімінің Кубогіне арналған III халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.
Биыл бұл турнир облысымызда үшінші рет «Бақытты бала» жобасы аясында өткізіліп отыр. Өткізілудегі басты мақсаты жастар арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және жеке құрама арасында достық қатынасты орнату, футбол ойынын дамыту болып табылады.
Турнирдің ашылу рәсімі жарысқа қатысушылардың салтанатты шеруінен бастау алып, әрі қарай «Ақтөбе» ФК директоры Самат Смаковтың құттықтау сөзімен жалғасты.
Шара барысында клуб директоры барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, жас спортшылардан күтер үміті көп екенін жеткізді.
Жарысқа Футболдан ОБЖОРМ (Ақтөбе), «Ақтөбе» ФК, «Пахтакор» ФК (Өзбекстан), «Урал» ФК (Екатеринбург, Ресей), «Носта» (Новотроицк, Ресей), «ОБЖСМ» (Шымкент қ., Қазақстан) барлығы 6 командадан 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Айта кетейік, 6 мамыр күні аталмыш турнирдің қорытындысы бойынша 2018 жылдың футболдан Ақтөбе облысы әкімінің Кубогінің иегері анықталатын болады.