21 сәуір "Жастар" ОБЖСМ-де "Бақытты бала" жобасы аясында грек-рим күресінен республикалық турнирі өтті

21 сәуір "Жастар" ОБЖСМ-де "Бақытты бала" жобасы аясында грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, ҚР Еңбек спорт қайраткері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры», қажы Зейнолла Төлеутаевтің 70 жас мерей тойына арналған грек-рим күресінен 2004-2005 ж.т. кіші жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі ХІІІ республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Сыдықов қатысып,
мерейтой иесін жаңа жасымен құттықтады және арнайы сый-сияпат табыстап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа ҚР барлық аймақтарынан және Қырғызстан елінен 300-ге жуық ең таңдаулы палуандар қатысты. Олар 11 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынасып, мықтыны анықтады.