Бүгін басқарма басшысы Н.Жүсіпов 70 жасқа толған спорт ардагері Қабидолла Нұршинді мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты

5-8 сәуір аралығында Ақтөбе облысының интеллектуалдық спорт түрінен БЖСМ-де тоғызқұмалақтан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабидолла Нұршиннің 70 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан ардагерлер арасындағы ҚР чемпионаты өтіп жатыр.
Чемпионатты ресми түрде ашық деп жариялаған басқарма басшысы Н.Жүсіпов спорт ардагеріне өзінің құттықтау сөзін жеткізді:
- «Биыл чемпионат тоғызқұмалақтан Әлем чемпиондарын дайындап шығарған, ҚР спорт шебері, «ҚР құрметті спорт қайраткері» атағының иегері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабидолла Аманбайұлының құрметіне арналып отыр. Себебі, ардақты ағамыздың облыс спортына деген сіңірген еңбегі өте зор. Сізге зор денсаулық, алдағы өміріңізде де қуанышты сәттердің көп болуын тілеймін»,-деп ақсақалдың иығына шапан жапты.
Сонымен қатар, шараға тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Даспан Қопаев арнайы келіп, Ақтөбе облысында тоғызқұмалақ спортты қарқын дамып келе жатқанын және республика бойынша алдыңғы орында екенін атап өтті.
Жарысқа Астана қаласы, Павлодар, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан командалар қатысуда. Жалпы қатысушылар саны 70-ге жуық.
Жекелей есспте І,ІІ,ІІІ орын иеленген спортшылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.