Ақтөбе облысының Олимпиада резервін даярлау орталығында үстел теннисінен 2000 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Ақтөбе облысының Олимпиада резервін даярлау орталығында үстел теннисінен 2000 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.
Шараның ресми ашылуы басқарма басшысы Н.Жүсіповтің, үстел теннисінен ҚР федерациясының спорттық менеджері Гаухар Көбенованың және үстел теннисінен облыстық федерация президенті Жақсылық Асқаровтың қатысуымен өтті.
Чемпионатқа ҚР аймақтарынан атап айтқанда, Алматы қаласы, Атырау, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, ШҚО және Ақтөбе облыстарынан 130-ге жуық спортшы қатысуда.