«Жекпе-жек» спорт сарайында Астана қаласының 20 жылдығына орай және Әйтеке би атындағы жүлде үшін еркін күрестен 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

Бүгін «Жекпе-жек» спорт сарайында Астана қаласының 20 жылдығына орай және Әйтеке би атындағы жүлде үшін еркін күрестен 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылуында сөз бастаған басқарма басшысы Н.Жүсіпов барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, аталмыш турнирдің биыл республикалық деңгейде екінші рет өткізіліп отырғанын атап өтті.
Турнирге ҚР аймақтарынан және Ақтөбе облысының аудандарынан 18 командадан 200-ден астам спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасуда.
Сонымен қатар, жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, сый-сияпаттармен марапатталады және жеңімпаз атанған спортшы ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болады.
Айта кетейік, аталмыш турнир сәуір айының 7-не дейін жалғасын табатын болады.