«Ақтөбе» шағын футбол клубы UEFA Кубогына жолдама алды!

Ақтөбе» шағын футбол клубы футзалдан Қазақстан чемпионатының финалына шықты. Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде ақтөбелік команда талдықорғандық «Жетісумен» бірнеше кездесу өткізген болатын. Серия төрт жеңіске дейін созылды. Плей-офф кезеңінің тағдыры жетінші, соңғы матчта Алматы қаласында шешілді. Соңғы ойында ақтөбеліктер қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, жалпы есепте 4:3 есебімен алға шығып, ел біріншілігінің финалына шықты. Финалда «Ақтөбе» ШФК чемпиондық атақ үшін алматылық «Қайратпен» күш сынасатын болады.
«Ақтөбе» «Жетісудан» басым түсіп, кем дегенде өздерін күміс медальмен қамтамасыз етті және Олег Солодовник шәкірттері тек қана финалға шығып қана қоймай, келесі жылы Еуропалық футзалдың ең беделді клубтық турнирі - УЕФА Кубогінде ойнауға мүмкіндік алды