Ақтөбеде бокстан Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтуде

27 наурыз күні Жекпе-жек спорт сарайында бокстан Әлем және Азия чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы IX халықаралық турнирінің салтанатты ашылуы өтті.
Халықаралық турнирдің құрметті қонақтары ретінде облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Галиб Джафаров, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Феликс Цой қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиев өзіңің құттықтау сөзінде:
-«Бүгінгі шара биылғы жылы «Мен Ақтөбелікпін» акциясы аясында ұйымдастырылуда. Себебі, Ақтөбенің спорттында аты шыққан Галибтің еңбегі өте зор. Осыны көріп өсіп келе жатқан жас ұрпағымыз болашақта өзінің шамасы келгенше туып өскен жеріне еңбек етуі тиіс. Жастарымыз үлкен жетістіктерке жетіп, мен ақтөбелікпін деп мақтануы керек. Осы тұрғыда, тағы да атап кетемін Ақтөбенің тумасы Галибтің жетістігі баршаңызға үлгі. Сондықтан да, бұл халықаралық турнирдің жыл сайын ұйымдастырылып, дәстүрлі сипат алуы заңды құбылыс және құрмет тұтар шара деп есептеймін»,- деп атап өтті.
Жарысқа ҚР барлық аймақтарынан және жақын шетелдерден (Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей) 18 командадан 170-ге жуық спортшы қатысуда.
Айта кетейік, аталмыш турнир 30 наурызға дейін жалғасын табады.