Үш дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Гузель Манюрова: Ақтөбедегі «Жекпе жек» спорт кешенінде Әлем және Азия чемпионаттарын өткізуге болады

21 наурыз күні Ақтөбе қаласында «Жекпе-жек» спорт сарайында еркін және әйелдер күресінен 1998 – 2000 ж.т. жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты бастау алды. Чемпионаттың алғашқы күнінде әйелдер күресі бойынша 10 салмақ дәрежесінде 80-ге жуық қыз балалар боз кілемге шығып, өзара бақ сынасты.
- «Ақтөбедегі ел біріншілігі жоғары деңгейде өтуде, ұйымдастырылуы өте ерекше, үлкен дайындықпен өткізіліп жатқаны көрініп тұр. Сондықтан да ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Керемет спорт кешен, өте ыңғайлы, жылы зал барлығы ерекше ұнап отыр.
Менің ойымша, тіпті бұл кешенде Әлем және Азия чемпионатын да өткізуге болады. Осындай залдардың көмегімен Ақтөбеден Әлем және Олимпиада ойындарының чемпиондары шығып, күрес одан әрі танымал болады деген ойлаймын. Айта кетейін, Ақтөбе қаласында осы жылдың жаз айларында республиканың барлық аймақтарынан командалар шақыртып, оқу-жаттығу жиындарын және шеберлік-сабақтарын өткізу бойынша облыстық спорт басқармасымен келісімге келіп отырмыз»,- деп атап өтті әйелдер күресінің вице президенті, үш дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Гузель Манюрова.
Сонымен қатар, жарыстың бірінші күнінде Гузель Манюрова және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіпов әйелдер күресінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, спортшыларға алдағы уақытта әлемдік додаларда топ жаруларына тілектестік білдірді.
Назарларыңызға әйелдер күресінен 1998 – 2000 ж.т. жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:
Салмақ дәрежесі 50 келі:
I Икрамова Наргиз (Қарағанды обл)
II Жеңісқызы Мадина (Алматы қ.)
III Қыстаубаева Зина Қызылорда обл
III Туганбаева Аяулым ОҚО
Салмақ дәрежесі 53 келі:
I Махиядинова Эллада Ақмола обл
II Альмаганбетова Лаура Қостанай обл
III Нұрлан Гулсамал Ақтөбе обл
III Сагымбай Асылзат Қызылорда обл
Салмақ дәрежесі 55 келі:
I Суйдуова Айжан Алматы обл
II Ниязбек Ұлдана ОҚО
III Аждар Асел Қызылорда обл
III Жолдасбек Айгерім ОҚО
Салмақ дәрежесі 57 келі:
I Асанова Жанерке Алматы қ.
II Петренко Елена Алматы қ.
III Нурмухаметова Куралай ШҚО
III Даулетбак Құндыз Алматы обл
Салмақ дәрежесі 59 келі:
I Фирстова Екатерина СҚО
II Кузнецова Ирина Ақмола обл
III Каюмова Диана Алматы обл
III Абдыкаримова Роза Павлодар обл
Салмақ дәрежесі 62 келі:
I Темиртасова Айна Ақмола обл
II Капитанова Ирина Ақмола обл
III Кенжеболатова Ұлжан Қызылорда обл
Салмақ дәрежесі 65 келі:
I Қайыргельдинова Альбина Ақмола обл
II Мұқатай Гаухар Алматы қ.
III Бухаева Гулсезім Ақтөбе обл
III Шарибекова Индира Қостанай обл
Салмақ дәрежесі 68 келі:
I Гончарова Валерия Қарағанды обл
II Моисеенко Карина Ақтөбе обл
III Матвейкина Карина СҚО
Салмақ дәрежесі 72 келі:
I Жаппарова Гулназ Алматы обл
II Кель Диляра Ақтөбе обл
III Чумакова Анастасия Ақтөбе обл
Салмақ дәрежесі 76 келі:
I Абирова Айнагуль Қарағанды обл
II Жанатева Инкара Қарағанды обл
III Тыныбекова Гулдерайым БҚО