Тоғызқұмалақтан Ақтөбе облысының командасы ҚР Кубогіне ие болды

2018 жылдың 5-11 ақпан аралығында Алматы қаласында тоғызқұмалақтан ҚР Кубогі өтті. Аталған шараның қорытындысы бойынша 2018 жылдың ҚР Кубогі Ақтөбе облысының командасының еншісіне бұйырды.
Жарысқа республикамыздың 12 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 104 спортшы қатысты
Жыл сайын өткізілетін бұл шараға биыл да мықты командалар жиналды. Оның ішінде, Астана, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда облыстарының командалары өте мықты. Қатысушылар құрамында 2 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 10 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 31 спорт шебері және 61 спорт шеберлігіне үміткерлер болды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысынан шыққан әлем чемпиондары Нұрбек Қабиев пен Диана Кенинаны да жарыс жолынан көре алдық», - деп атап өтті тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев.
Биыл Ақтөбе облысының намысын Нұрбек Қабиев, Диана Кенина, Медет Хұсайынов, Гүлжанат Алдабергенова, Мөлдір Серікқызы, Азамат Қайдаров сынды спортшылар қорғады. Жаттықтырушылары Нұршин Қабидолла және Бауыржан Төлегенов.
Айта кетейік, тоғызқұмалақ спортынан Қазақстан Республикасы Федерациясы 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Ең үздік облыс» деп Ақтөбе облысын таныған болатын