1-3 желтоқсан күндері аралығында Атырау қаласында қазақ ұлттық жекпе-жек спорт түрінен тұңғыш әлем чемпионаты өтті.

1-3 желтоқсан күндері аралығында Атырау қаласында қазақ ұлттық жекпе-жек спорт түрінен тұңғыш әлем чемпионаты өтті. Айтулы додада 8 мемлекеттен 100-ден астам спортшы өзара бақ сынасып, мықтыларын анықтады.
Еліміздің үздіктерінен құралған Қазақстандық құрама команда жасақталып, оқу-жаттығу жиындары Ақтөбе қаласында ұйымдастырылды. Ақтөбелік спортшыларды дайындауды Айбек Шоқпұтов және Әліби Сарин сынды жаттықтырушылар басшылыққа алды. Чемпионатта облысымыздың намысын 4 спортшы қорғады:
1. Дәурен Ермеков (85кг)
2. Бағдат Жұбаныш (53кг)
3. Мирас Ұлыкпанов (65кг)
4. Айбек Атабаев (90кг)
Дәурен Ермеков бірінші белдесуінде қырғыз спортшысын жеңіп, жартылай финалда қазақ спортшысымен кездесуге шықты. Жартылай финалда Дәурен өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, финалда өзбек спортшысымен тартысты кездесу өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ұлттық жекпе –жек спорт түрінің ең алғашқы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Мирас Ұлықпанов бірінші белдесуде өзбек спортшысын нокаутпен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда төрешілердің шешімі бойынша Қырғызстан елінің спортшысынан басым түсіп, финалда дағыстан елінің тәжірибелі спортшысымен сынға түсті. Нәтижесінде, Мирас өзінің шеберліктерін көрсете біліп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бағдат Жұбаныш бірінші кездесуінде өзбекстан спортшысын, екінші кездесуінде отандасы қазақ спортшысын жеңіп шығып, финалда қырғыз спортшысымен кездесті. Кездесу нәтижесінде Бағдат әлем чемпионы атанды. Айбек Атабаев бірінші жекпе-жегінде ресей елінің спортшысымен кездесіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда қырғыз спортшысынан жеңіліс тауып, қола жүлдені қанағат тұтты.