Колумбия астанасында екі ақтөбелік жігіт джиу-джитсудан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

23-26 қараша күндері Колумбия астанасы Богота қаласында кезекті джиу – джитсудан әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа 37 мемлекеттен 360-тан астам спортшы қатысты.
Не-ваза-систем бөлімінде ҚР ұлттық командасының құрама сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз Нартай Қажеков және Андрей Гаврилюк Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
Жарыс жолында қола жүлдеге жету оңай болмады. Алайда, барлық жігерліктерімізді көрсетіп, жүлдеге жету мүмкіндігі туды. Ендігі кезекте, алда ҚР чемпионаты және 2018 жылы өтетін Азия ойындары күтіп тұр. Соған тыңғылықты жаттығуды бастаймыз»,- деп алдағы жоспарларымен бөлісті Нартай Қажеков.
Жарыс Халықаралық Олимпиада Комитеті тарапынан танылған Халықаралық джиу-джитсу Федерациясы (JJIF) желісі бойынша файтинг-систем, не-ваза-систем, дуо-систем бөлімдері бойынша өтті. Қазақстанның намысын барлығы 23 ұлттық құраманың спортшылары қорғады. Олар жалпы есепте бір алтын, бір күміс және бес қола медальдарын әкелді. Олардың арасында әлемдік турнирлердің және Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар.
-«Ұлым Нартай және досы Андрейдің Колумбияға барып, көк туымызды желбіретіп келгеніне өте қуаныштымын. Жастарға осындай мүмкіндік беріп отырған облыстық дене шынықтыру басқармасына және жаттықтырушысы Әшім Қалиге үлкен алғысымды айтамын»,- деп қуанышымен бөлісті Нартайдың анасы Балмоншақ Қажекова.
Сонымен қатар, әлем чемпионатының жүлдегерлерін әуежайдан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, джиу-джитсудан облыстық федерация өкілдері, ата-аналары және жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды.