Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованы 95 жылдығына арналған еркін және әйелдер күресінен 2001-2003 жылғы жасөспірімдер және қыздар арасындағы ХІ дәстүрлі ашық республикалық турнир өтті.

Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованы 95 жылдығына арналған еркін және әйелдер күресінен 2001-2003 жылғы жасөспірімдер және қыздар арасындағы ХІ дәстүрлі ашық республикалық турнир өтті.
Республикалық турнир «Туған жер» бағдарламасы аясында өткен республикалық форумға арнайы келген мәртебелі меймандар Олимпиада және әлем чемпиондары, еліміздің даңқты ұлдары - Жақсылық Үшкемпіровтің, Юрий Мельниченконың, Ермахан Ибраимовтің және мақтан тұтар жерлестеріміз - Асхат Шахаровтың, Галиб Джафаровтың, Рустам Ибраевтың, Мейрамбек Айнағұловтың қатысуымен өтті. Турнирге бағын сынау үшін еліміздің барлық облыстарынан және көршілес Ресей Федерациясынан 200-ге жуық спортшы қатысты.