Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығында республикалық «Ақбидай-2017» VI ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылуы өтті

2017 жылдың 12 қыркүйек күні Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығында республикалық «Ақбидай-2017» VI ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Спорттың 14 түрін қамтитын спорттық додаға республикамыздың 14 облысынан 2000-ға жуық спортшы қатысуда.
Салтанатты ашылуы облыс әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиевтің, Мәдениет және Спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Жарасбаев Серік Мұратұлының және де барлық облыстың дене шынықтыру және спорт басқармалары өкілдерінің қатысуымен өтті.