2017 жылдың 8-11 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында жүзуден жас ерекшеліктері бойынша ІХ Азия Чемпионаты өтті

Бүгін ақтөбелік жанкүйерлер жүзуден Азия Чемпионатынан жүлделі орын алған Диана Назарованы әуежайдан қарсы алды. 2017 жылдың 8-11 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында жүзуден жас ерекшеліктері бойынша ІХ Азия Чемпионаты өтті. Ақтөбе облысының спортшысы Диана Назарова ұлттық құрама командасы қатарында 50м шалқалап жүзуде – қола медаль, 100м шалқалап жүзуде – күміс медальдарын ұтып алды.
Сонымен қатар, 4х100м және 4х200м еркін жүзу эстафеталарында және 4х100м аралас эстафетасында қола жүлдеге ие болды.