Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында Ақтөбе қаласында «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» ашылу салтанаты өтті.

Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында Ақтөбе қаласында «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» ашылу салтанаты өтті.
Колледждің салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысып, барша қауымды Білім күнімен құттықтады және өз сөзінде: - «Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында жаңадан 8 мектеп пайдалануға берілді және 3 колледж өз жұмысын бастауда. Оның ішінде, бүгінгі мектеп –интернаттың колледж атағына ие болуы бәрімізді ерекше қуантады. Бұл оқу орны жаңаша жұмыс жасайтын болады, себебі мектеп-интернатта оқып білім алып, тәрбиеленген спортшыларымыз әрі қарай спорттық интернат–колледжіне қабылданып "спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы" мамандығын алып, өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндіктері артады. Мұнда спортшылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалынған. Бүгінде колледж аумағында стандартқа сай жаңа спорт кешені мен стадион құрылыстарын және жатақханаға қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Сондықтан да, бұл колледж батыс өңірінің ең мықты спорттық оқу орындарының біріне айналытына сеніміміз мол және жаңа колледж табалдырығын аттағалы отырған спортшыларымызда алдағы уақытта, еліміздің көк байрағын көкке желбіретіп, біздің сенімімізді ақтайды деген ойдамыз», - деп атап өтті.
Алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтауға қадірлі қонақтар Г.М.ДЖАФАРОВ, Ә.З.БАЛМАҒАМБЕТОВ, С.Ж.УТАРБАЕВ, Р.ИБРАЕВ, А.Б. ДЖИЕМБАЕВ, М.АЙНАҒҰЛОВ, Р.БАҚЫТЖАНОВ сынды беделді спортшылар мен жаттықтырушылар қатысып, жас спортшыларға сәт-сапар тіледі.
Сонымен қатар, іс-шараға жас жеткіншектерге қолдау көрсету мақсатында Ақтөбе облысының грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының бас хатшысы Аспандияр Есенжолов пен «Цеснабанк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айгүл Утетлеуова қатысып, демеушілік көмектерін көрсетті.