Рүстем Ибраев және ушу саньдадан Бағдат Кенжетаев қола жүлдегері атанды.

19-30 тамыз аралығында Қытай елінде өткен Бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындарында дзюдодан Рүстем Ибраев және ушу саньдадан Бағдат Кенжетаев қола жүлдегері атанды. Айта кетсек, Бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындарына 5 спорт түрінен ақтөбелік 7 спортшы құрамаға еніп, бақтарын сынады.