Дәулет Жалғасов – 2017 жылы кадеттер арасында грек –рим күресінен Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Таиландта 2000-2002 ж. т. кадеттер арасында грек-рим күресінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатқа 76 кг салмақта Қазақстанның құрама командасы сапындағы Ақтөбе облысының спортшысы Дәулет Жалғасов қатысқан болатын.
Биылғы жылы Дәулет Әзірбайжан және Грузия елдерінде өткен беделді халықаралық турнирлерде жүлдегер атанып ерекшелене түсті. Сонымен қоса, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған турнирде және Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетіп, Азия чемпионатына жолдама алған еді. Таиландта жарыстың алғашқы белдесуін жіберіп, жеребеге сәйкес, ј финалынан бастап жарысқа қосылды.
Бастапқы айқаста Қырғызстан елінің балуанын жеңіп, екінші айналымда жапондық балуанмен күресте басымдылық көрсетті. Финалда Иран Ислам Республикасының спортшысымен сынға түсіп, жеңіске жетті.
Дәулет алдағы кішігірім демалысынан кейін 5 тамыздан бастап 2017 жылдың қыркүйек айында Грекияда өтетін әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып, әрі қарай мықтылығын шыңдай түсетін болады.