ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы аясында «Мемлекеттік рәміздер – ел бейнесі» атты ОБЖСМ тәрбиеленушілері арасында байқау өткізді.

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы аясында «Мемлекеттік рәміздер – ел бейнесі» атты ОБЖСМ тәрбиеленушілері арасында байқау өткізді.
Байқау Тәуелсіздігіміздің басты нышандары – Мемлекеттік рәміздерге арналған.Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың танымдық қызығушылығын дамыту, мемлекеттік рәміздер бағытындағы ой-өрісін кеңейтіп, оларға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, еліміздің салт-дәстүрі мен тарихын таныту. Байқау қорытындысы бойынша 1 орын алған команда – Есет батыр атындағы спорттаға дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне билеттер табысталды (балалардың Астана қаласынан алған әсерлері керемет).
Шараны өткізу барысында ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға қайырымдылық акциясы жасалып (төрт адамнан тұратын Мамыровтар отбасына «Экспо-2017» көрмесіне барлық шығындары қамтыла отырып бару ұйымдастырылды).
Бұл отбасына осындай мүмкіндік жасағандар - Асқаров Ж., Тюмалиев М., Убаев А., Еңсепбаев Б., Шуитбаев А., Омаров Қ., Жоламанов С., Урқашпаев Е. және Мурсалимова А.
Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады деген сөз бар!