Елордамыз Астана төрінде Ақтөбе облысының мәдени күндері өтеді. «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Ақтөбе облысы спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізеді

Елордамыз Астана төрінде Ақтөбе облысының мәдени күндері өтеді. «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Ақтөбе облысы спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізеді.
29 маусым күні сағат 18.00 де Ақтөбе облысы күндері аясында көкпардан клубтар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне «ЭКСПО Кубогі» жарысы өтеді және де қазақтың ұлттық ойындары теңге ілу , жамбы ату, қыз қуу, аударыспақ, қазақ күресі, тоғызқұмалақ , асық ату, қазақы тұқымды тазылар койылымдары көрсетілетін болады.
30 маусым күні сағат 18.00 де еліміздің ең үздік сәйгүліктері Аламан бәйге және Жорға жарысы жолына шығады. Аттың бабы, тұлпарлар сыны, сәйгүлектер сәні сарапқа салынады.