Ақтөбе қаласында 2017 жылдың 25-30 маусым сағат 10.00-17.00 уақыт аралығында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының IV Жастар спорттық ойындары өтуде

Ақтөбе қаласында 2017 жылдың 25-30 маусым сағат 10.00-17.00 уақыт аралығында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының IV Жастар спорттық ойындары өтуде.
Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға республикамыздың 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 200 – ден астам спортшы қатысуда.
Мақсаты - жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жоғары білікті спортшыларды іріктеу.
Жастар ойындары республиканың барлық аймақтарында шілде айына дейін жалғасуда. Айта кетсек, 6 сәуір күні Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының IV Жастар спорт ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын, ал салтанатты жабылу рәсімі 2-ші шілдеде Ақтөбе қаласында «Теннис орталығында» өткізіледі.