13 маусымнан бастап Ақтөбе облыстық үстел теннисі Федерациясының қолдауымен «Ракетка» жазғы спорттық–сауықтыру лагері жұмыс жасап жатыр.

13 маусымнан бастап Ақтөбе облыстық үстел теннисі Федерациясының қолдауымен «Ракетка» жазғы спорттық–сауықтыру лагері жұмыс жасап жатыр.
Лагерьде қаладан және ауданнан келген балалар демалысын өткізуде.
Лагерьдің мақсаты балалардың демалысын әсерлі, жарқын, белсенді, қызықты өткізу. Ерекше атап өтетіні «РАКЕТКА» жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде Үстел теннисі жаттықтырушылары, ҚР спорт шеберлері қызмет көрсетеді.
Бұл лагерьдің ерекшелігі үстел теннисі бағытында болғандықтан демалушы бүлдіршіндер үстел теннисін үйреніп шығады.