Мирамбек Айнагұлов - Грузияның астанасы Тбилиси қаласында өткен «Гран-При Гиви Картозия мен Вахтанга Балавадзе» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Мирамбек Айнагұлов - Грузияның астанасы Тбилиси қаласында өткен «Гран-При Гиви Картозия мен Вахтанга Балавадзе» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда 59 кг салмақта грек-рим күресінен біздің палуанымыз 7:4 есебімен әлем чемпионатының және Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері, Норвегиялық Стиг Андре Бергиді жеңді. Мейрамбек алтын медалға және Грузия Федерациясының атынан 1000 АҚШ доллары чектің сомасына ие болды.
Айнағұлов Мирамбек Мырзағалиұлы 1994 жылдың ақпан айының 17 жұлдызында Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. ҚР спорт шебері, ҚР құрама командасының мүшесі және де Республиқалық, Халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Шалқар қаласындағы И.В.Цеханович атындағы №1 БЖСМ-де грек-рим күресі бөліміне Р.Бақытжановта 2003 жылдан бастап жаттығу жүргізді, 2013 жылы ЖСШМ ауысты.