Республикалық «Мен – Чемпион» телевизиялық балалар ойынында ақтөбелік оқушылар топ жарды.

Республикалық «Мен - Чемпион» телевизиялық балалар ойыны       2017 жылғы маусымның 5-8 аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өтті.
Жарысқа Ақтөбе облысынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары Байғанин ауданының «Ақберен» командасы қатысты.
Алғашқы ойындарда ақтөбелік оқушылар жарыс бағдарламасына сәйкес  эстафеталық таяқпен жүгіру, кубик пен сақиналарды жинау,  кедергілерден доппен өту, топтасып сурет салу, боулинг, туннельден өту ойындары арқылы  үздік үштіктер қатарынан табылды. Бұл ойын - икемділікті, ептілікті, шыдамдылықты талап етеді. Тартысты бәсекеде команданың  жеңіске жетуі үшін  оқушылардың  бірлігі мен ұйымшылдығы қолдау болып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
Мектеп оқушылары арасында ауқымды спорттық шараларды өткізу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау  мақсатындағы мұндай игі шаралардың маңызы зор.
Былтырғы оқу жылындағы республикалық «Мен чемпион» ойынына облыстық кезеңнің жеңімпаздары Байғанин ауданы командасы қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленген болатын.