Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ағымдағы жылдың мамыр айының 27 күні " Бибарс спорттық клубының " ашылуы өтті.

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ағымдағы жылдың мамыр айының 27 күні " Бибарс спорттық клубының " ашылуы өтті. Оның базасында әйелдер боксын дамыту орталығы және барлық жастағы адамдар үшін бокс секциялары жұмыс жасайды.
Клубты ашудағы мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, патриотизмді өскелең ұрпақ арасында кеңінен өрбіту. Өңірде әйелдер боксын дамыту.
Әлемде Әйелдер боксының танымалдығы жоғарылап келе жатыр. 2012 жылы алғаш рет олимпиада ойындарына 3 салмақ дәрежесі бойынша әйелдер боксы қосылды.
Ақтөбе облысында әйелдер боксының өкілі Гүлжайна Үббиниязова - ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, бокстан ҚР спорт шебері, 4 дүркін ҚР чемпионы, Әлем кубогінің 2 дүркін жүлдегері және бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Гүлжайна өзінің тәжірибелі жаттықтырушы Ерадил Уббиниязовтың – (жоғары санатты, 1 жұлдыз АІВА) басшылығымен жаңа бастаушы балаларға үлгі болып, жаттықтырушы қызметін атқарады.
«Бибарс» спорттық клубы Ақтөбе қаласы, Набережная көшесі, 85-үй, мекен-жайында орналасқан.
Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін (жексенбі – демалыс күні).