30 мамыр мен 10 маусым аралығында жасөспірімдер және қыздар, ұлдар және қыздар арасында дойбы «100» бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде.

Ақтөбе қаласында Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2017 жылдың 30 мамыр мен 10 маусым аралығында жасөспірімдер және қыздар, ұлдар және қыздар арасында дойбы «100» бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде.
Жарысқа Павлодар облысы, Қостанай облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Ақтөбе облысы командалары қатысуда. Барлығы 100-ге жуық оқушы.
Чемпионат үш номинация бойынша өткізіледі (классика- әр ойыншыға партияның соңына дейін 2 сағат, рапид – әрқайсысына 20 минут, блиц – әрқайсысына 6 минут). Командалық есепте І, ІІ, ІІІ орын алған спортшылар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті тағайындаған дипломдары мен медальдарымен марапатталады.
Чемпионаттың бас төрешісі: А.Чуприк (Жоғары дәрежедегі ұлттық төреші. Қарағанды қаласы). Бас хатшы: С.Коваленко (ҚР ұлттық спорт төрешісі. Ақтөбе қаласы)
Жарыстың өткізілу мақсаты:
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Спорттық шеберлікті арттыру;
- Дойбы ойының насихаттау және дамыту;
- Үздік ойыншыларды анықтау;
- Азия және Әлем Чемпионатына қатысу үшін ҚР құрама командасын жинақтау.