Ағымдағы жылдың 26 мамырында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы аясында «Мемлекеттік рәміздер – ел бейнесі» атты облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері тәрбиеленушіл

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы аясында «Мемлекеттік рәміздер – ел бейнесі» атты облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері тәрбиеленушілері арасында байқау өткізді. Байқау Тәуелсіздігіміздің басты нышандары – Мемлекеттік рәміздерге арналған. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың танымдық қызығушылығын дамыту, мемлекеттік рәміздер бағытындағы ой-өрісін кеңейтіп, оларға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, еліміздің салт-дәстүрі мен тарихын таныту. Байқауға 11 адамнан құралған 9 команда қатысты және қатысушылардың жас ерекшеліктері 6-18 жас аралығында болды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегелер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. (1 орын командаға «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне билеттер, 2-3 орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды).
Шараны өткізу барысында ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға қайырымдылық акциясы жасалды (төрт адамнан тұратын отбасыға «Экспо-2017» көрмесіне бару ұйымдастырылды).