КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДЗЮ-ДО КҮРЕСІНЕН ЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДЗЮ-ДО КҮРЕСІНЕН ЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР
Ақтөбе қаласында 8-9 мамыр аралығында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған дзю-до күресінен ерлер арасындағы халықаралық турнирі өтті. талды.
Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Ер етігімен су кешкен қанқұйлы соғыс жылдарында өліммен күн сайын тайсалмай бетпе-бет келген қазақ қызы Әлия небәрі 19 жасында ерлікпен қаза тапты. Осы аз ғана ғұмырында Әлия ерлікке, қаһармандыққа, өрлікке, намыс пен рухшылдыққа өшпейтін, өлмейтін ескерткіш орнатып кетті. Осыған орай, аталмыш шара қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың құрметіне арналып, ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты:
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- Қазақстан Республикасында дзю-до күресін дамыту және насихаттау,
- шет елдермен достық байланыстарды нығайту және тәжірибе алмасу;
- спорттық шеберлікті арттыру;
Халықаралық турнирге қатысушы командалар: ҚР ұлттық құрама командасы, ҚР облыстары құрама командасы мен шет елдерден келген командалар: Ресей, Грузия, Өзбекстан.
Турнирдің құрметті қонағы ретінде: облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертайұлы Ертаев, Қазақ жастарынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров, Әлия Молдағулованың тұған сіңілсі Әліп апа және Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының президенті - Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы қатысты.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер әрбір салмақ дәрежесінде дипломдармен және тиісті дәрежедегі медальдармен марапат