2017 жылдың 15-16 сәуір аралығында Ақтөбе қаласының «Жастар» облыстық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

2017 жылдың 15-16 сәуір аралығында Ақтөбе қаласының «Жастар» облыстық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа 12 облыстан, 200 – ден астам спортшылар қатысты.
Белбеу күресі біздің өңірде кеңінен танымал бола бастады. Ақтөбе облысында бұл спорт түрінен лайықты спортшылар көп. Атап кететін болсақ: Нұрлыбек Хайруллин, Димаш Мулдашев, Сабира Мырзағалиева, Аблай Қосмұратов, Бекзат Нұркешев, Санжар Боранбаев және т.б.
2016 жылы екі жаттықтырушы Еркін Жетімеков, Сәндібек Ахетов «ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушы » атағын алды.