Ақтөбе қаласында 13 – 15 сәуір аралығында еркін күрестен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында және Әйтеке би атындағы жүлде үшін 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирі өтті.

Ақтөбе қаласында 13 – 15 сәуір аралығында еркін күрестен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында және Әйтеке би атындағы жүлде үшін 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирі өтті. Турнирге қатысушы командалар: республикамыздың облыстарынан және Орынбор және Орск (Ресей Федерация). Сонымен қатар, жарыстың құрметті қонағы ретінде Әйтеке би бабамыздың ұрпақтары, Ақтөбе облысының спорт ардагерлері, еркін күрестен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі ҚР ХДСШ Санаев Нұрислам қатысты.
Жарыс жалпы UWW (United World Wrestling) ережесіне сай өткізілді.
Еркін күрестен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында және Әйтеке би атындағы жүлде үшін 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирі келесі мақсатта өткізілді: Ақтөбе облысында еркін күресті кеңінен дамыту, Әйтеке би бабаның өмір салтын насихаттау, жастарды салауатты өмір сүруге баулу, жеңімпаздарға ҚР СШҮ атағы беру.