Ақтөбе қаласында 30 наурыз – 02 сәуір аралығында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ақтөбе қаласында 30 наурыз – 02 сәуір аралығында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа республикамыздың 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 400 – ден астам спортшы қатысты. Чемпионаттың ашылу салтанаты Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Сақтағанұлы Биахметовтің және де Мәдениет және Спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орынбасары Жарасбаев Серік Мұратұлының, Самбо бойынша Федерация Президенті Жошыбаев Рапиль Сейтханұлының қатысумен өтті.
Самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубогі келесі мақсатта өткізілді: самбо күресін дамыту, насихаттау және танымал ету, әскери қызметке шақырылатын спортшыларды дайындау, самбо күресінің бұқаралығын дамытудағы ынталандыру және спорттық-техникалық нәтижелерін жақсарту, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру жөніндегі балалар - жасөспірімдер спорт мектептері жіне спорт клубтарының жұмыс нәтижелерін қорытындылау, халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін үздік спортшыларды айқындау.
Қорытындысында командалық есеп бойынша:
1 орын – ШҚО
2 орын – Ақтөбе облысы
3 орын – Қызылорда облысы